Жел 04, 2017 22:42 Asia/Almaty
  • Ресей Американың Украина дағдарысына қатысты айыптауына реакция білдірді

Ресейдің парламенттік басшылары Американың Украина дағдарысына қатысты айыптауларын теріске шығарып, Вашингтонның халықаралық қатынастарға қатысты екіұшты қатынасын сынады.

Ресей Федерациялық Кеңесінің Ақпараттық Істер комитетінің басшысы Алексей Пушков Твиттердегі парақшасында: "Мәскеудегі Американың елшісі Джон Ханстман Америка үшін барлық елдердің аумақтық тұтастығының маңызды екенін айтты. Егер солай болса, Американың Югославия мен Ирак және Ливиядағы әрекеттерін қалай атауға болады?" деп жазды. Американың Мәскеудегі елшісі Ресейге салынған санкциялардың Украина дағдарысы шешілген жағдайда ғана алынатынын айтып: "Вашингтон Украинның шығысындағы дағдарысқа осы себеппен араласты. Америка үшін халықаралық құқық пен елдердің аумақтық тұтастығы мәселелері өте маңызды" деген болатын. Ресей Федерациясы Кеңесінің халықаралық істер комитеті басшысының орынбасары Владимир Джабаров та Ханстманның сөздерін сындарсыз деп атап, Мәскеудің Украинадағы ішкі қақтығыстарын жақтамайтынын қуаттады. Джабаров Мәскеудің санкцияларды жоюға қатысты Америкамен ешқашан сұхбаттаспайтынын қуаттап: "Тіпті, егер Украиннаның шығысындағы жағдай тынышталып, қалпына келсе де Америка елшісінің сөздері Вашингтонның Ресейге санкция салудан бас тартпайтындығына саяды" деді. 

Тегтер