АҚШ Башар Асадтың Сириядағы билігін 2021 жылға дейін қабылдауға дайын
(last modified Wed, 13 Dec 2017 09:15:40 GMT )
Жел 13, 2017 15:15 Asia/Almaty
  • АҚШ Башар Асадтың Сириядағы билігін 2021 жылға дейін қабылдауға дайын

Кейбір мәліметтер АҚШ үкіметінің Башар Асадты Сириядағы билігінен кетіруден үмітін үзгеннен кейінгі жаңа шешімінде оның Сирия Президенті ретінде 2021-ші жылға дейін қалуына келіскенін көрсетіп отыр.

Америкалық "New Yorker" басылымының мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Башар Асадтың Сириядағы билігін 2021 жылға дейін қабылдауға дайын.

Бұдан бұрын қазан айында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон "Асад әулетінің билігі аяқталуға жақын. АҚШ Башар Асад үкіметте ешбір рөл атқармайтын біртұтас Сирияны көргісі келеді",- деген болатын.

Аталмыш басылымның мәліметінің жалғасында: "АҚШ-тың жаңа шешімі бұл ел үкіметінің шектеулі ықпалы мен Сириядағы әскери жағдайды және Ресей, Иран мен Хизболланың Асад үкіметін қорғап отырғанын көрсетеді",- деп жазылған.