Солтүстік Кореяның лидері елін әлемдегі ең мықты ядролық күшке айналдырмақ
(last modified Wed, 13 Dec 2017 09:22:23 GMT )
Жел 13, 2017 15:22 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореяның лидері елін әлемдегі ең мықты ядролық күшке айналдырмақ

Солтүстік Кореяның лидері өз елін әлемнің ең күшті ядролық еліне айналдыруға уәде берді.

Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Ким Чен Ын сейсенбі күні "Солтүстік Корея әлемнің ең күшті ядролық және әскери мемлекетіне айналу жолында қадам басады. Пхеньян әскери және зымырандық тұрғылардан АҚШ-қа жете алады",- деп қуаттады. Ол бұдан бұрын Пхеньяның ядролық стратегиялық  күштерін дамытуды жалғастыратынын  және қару шығару бойынша ешбір шектеу қоймайтынын жариялаған болатын.

АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы: "Вашингтон Пхеньянмен ешбір шартсыз Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздандырылуы туралы келіссөз жүргізуге дайын",- деді. Рекс Тиллерсон сейсенбі күні Вашингтонда Солтүстік Кореяны әлем мен АҚШ үшін шынайы қоқан-лоққы деп атап: "Солтүстік Кореяның қоқан-лоққысының артқаны соншалықты, енді оған немқұрайдылық танытуға  болмайды. АҚШ стратегиялық тұрғыдан бұдан әрі төзе алмайды",- деді.