Зариф: Әзірбайжан республикасы – Иранмен бауырлас, діндес ел
(last modified Wed, 20 Dec 2017 08:49:52 GMT )
Жел 20, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Зариф: Әзірбайжан республикасы – Иранмен бауырлас, діндес ел

ИИР Сыртқы істер министрі сейсенбі күні кешке Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиевпен Бакуде кездесіп, екі елдің қарым-қатынастарын кеңейту жолдары мен аймақ мәселелері туралы пікір алмасты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф кездесуден кейін журналистердің  алдында өткен төрт жылда екі елдің президенттерінің 10 рет кездескеніне тоқталып, бұл кездесулердің Иранның көршілес елдермен, соның ішінде бауырлас Әзірбайжанмен қарым-қатынасының   бұрын-соңды болмаған деңгейде кеңеюінің белгісі екенін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі сонымен бірге Бакудегі Иранның жөндеуден өткен елшілігінің ғимаратын аралап, журналистерге берген сұхбатта Иран, Әзірбайжан  және Түркия Сыртқы істер министрлерінің бесінші үшжақты отырысында үш елдің лаңкестікпен қарсыласу және экономикалық ынтымақтастықтары туралы мәселелердің қарастырылғанын айтты.

Иран Сыртқы істер министрі сейсенбі күні  Иран, Әзірбайжан және Түркия Сыртқы істер министрлерінің бесінші үшжақты отырысына қатысу үшін Бакуге келген болатын.