БҰҰ Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындамайды
https://itolqyn.com/news/world-i33193
Кеше, бейсенбі күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясында 128 оң, 9 қарсы дауыс және 35 мүшенің қалыс қалуымен Құдс туралы қарар бекітілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 22, 2017 17:17 Asia/Almaty
  • БҰҰ Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындамайды

Кеше, бейсенбі күні БҰҰ-ның Бас ассамблеясында 128 оң, 9 қарсы дауыс және 35 мүшенің қалыс қалуымен Құдс туралы қарар бекітілді.

Қарарға сәйкес, БҰҰ Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындамайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні: "Вашингтон БҰҰ Бас ассамблеясында Вашингтоннның Құдс туралы шешіміне қарсы дауыс беретін  мемлекеттерге қаржылай көмек беруін тоқтатады",- деп қуаттаған болатын.

БҰҰ Бас ассамблеясының бейсенбі күнгі отырысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Мысыр ұсынған қарарға АҚШ-тың вето жариялауына байланысты өткізілді.

АҚШ дүйсенбі күні кешке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 14 мүшесінің Мысыр ұсынған қарарға оң дауыс беруіне қарамастан қарарға вето құқығын жариялады.