Исмаил Һание: БҰҰ Бас ассамблеясында Құдс туралы қарардың бекітілуі – ақиқаттың жеңісі
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси бюросының төрағасы Исмаил Һание БҰҰ Бас ассамблеясында Құдс туралы қарардың бекітілуін ақиқат, әділет пен тарихтың жеңісі деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС қозғалысының саяси бюросының төрағасы бейсенбі күні кешке БҰҰ Бас ассамблеясында Құдсты қолдау туралы қарарды бекітуге реакция ретіндегі мәлімдемесінде: "Бұл қарар заң алдында қоқан-лоққы тілінің пайдасыз екенін және оның мүдделерден күштірек принцип екенін дәлелдеді",-деді.
Исмаил Һаниенің айтуынша, БҰҰ Бас ассамблеясында Құдс туралы қарарға оң дауыс берген мемлекеттер азат халықтардың АҚШ үстемдігі мен бұл елдің зорлыққа толы саясаттарына қарсы қалауын көрсетті.
ХАМАС-тың саяси бюросының төрағасы сондай-ақ АҚШ үкіметінен әлемдік қауымдастықтың еркіне құрмет көрсетіп, Палестинаға қарсы шешімінен бас тартуды сұрады.