"Астана-8" келіссөздері – Сирия дағдарысын шешудің шынайы жолы
(last modified Fri, 22 Dec 2017 13:24:59 GMT )
Жел 22, 2017 19:24 Asia/Almaty

Сирия дағдарысына байланысты келіссөздердің сегізінші кезеңі бейсенбі күні Қазақстанның елордасы Астана қаласында басталды. "Астана үдерісінің" жаңа кезеңі мұның алдында БҰҰ бақылауындағы Сирия істері жөніндегі "Женева-8" келіссөздері еш нәтижеге қол жеткізбеген жағдайда өткізіліп жатыр.

"Астана үдерісі" ИИР, Ресей және Түркияның бастамасымен қалыптасты. Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздері елдің дағдарысын шешуді дұрыс бағытқа салып, Сирия халқының еркі мен пікіріне сүйене отырып, өз жоспары мен бағдарламаларын ілгерілетуде. "Астана келіссөздерінің" көкжиектері Сирияның заңды үкіметінің оң пікірі мен қолдауына ие болып, лаңкестікпен шынайы күреспен бірге Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуді көздейді.

2017 ж. мамыр айында өткен "Астана-4" келіссөздерінде шиеленіс азайған аймақтар құру жөнінде маңызды шешім қабылданды. Бұл келісім Сириядағы зорлық-зомбылықтың азаюына себеп болды. Қазіргі таңда Сирияның төрт аймағында, атап айтқанда Сирия астанасына жақын Шығыс Ғуте аймағы мен Сирияның оңтүстік, батыс және солтүстік-батыс бөліктерінде шиеленіс азайған аймақ келісімі шеңберінде Сириядағы майдандық өзгерістер жақсы басқарылып жатыр. Бұл мәселе ДАИШ-тың Сирияның шығысындағы Дейр аз-Зоур ауданындағы билігін тоқтатуға септігін тигізді. Бүгінде Иран, Ресей және Түркия мен Сирияның ынтымақтастығының нәтижесінде бұл елдің жеті жылдық дағдарысын Астана үдерісі бағытында шешуге қатысты  үміт зор. Астана үдерісінің қайталануы мен оған сириялық қарсы топтардың белсенді түрде қатысуы "Астана келіссөздерінің" Сирия дағдарысын шешуде табысқа жеткенін көрсетті. Бұл толығымен бейтарап үдеріс саналады әрі Сирияның шындықтарына негізделіп, сириялықтардың қалауына көрсетілген құрметтің көрінісі болып табылады.

"Астана үдерісіне" қарсы үдеріс БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура жетекшілік ететін "Женева келіссөздері" саналады. "Женева келіссөздері" «Астана үдерісі» секілді жуырда сегізінші кезеңін өткізді. Бірақ, іс жүзінде еш нәтиже мен табысқа қол жеткізе алмады. Басқаша айтқанда, "Женева келіссөздері"  БҰҰ мен сириялық қарсы топтың сырттай демеушілерінің саяси шоуына айналған деп айтуға болады. БҰҰ-ның "Женева келіссөздері" үдерісіндегі рөлі сындарсыз. Сол себепті Сирияның заңды үкіметінің сынына ұшырап отыр.

Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Меқдад "Женева-8" келіссөздері жайлы: "Сауд Арабиясы өзіне тәуелді "Қарсылас топ коалициясын" құрды, ал Стаффан де Мистура болса, жалған куәгердің рөлін ойнауда",- деді.

Стаффан де Мистура мен сириялық қарсы топтың батыстық және араб демеушілері Дамаск үкіметін "Женева келіссөздерінің" жеңіліс табуына жауапты деп атады. "Женева-8" келіссөздері басталмас бұрын сириялық қарсы топтар Сирия халқының еркінен тыс әрі таңылған талап-тілектердің жиынтығын көтерді. Сириялық қарсы топтар 2017 жылдың қараша айында Риядта отырыс ұйымдастырып, отырыстың мәлімдемесінде Сирия президенті Башар Асадтың биліктен кетуі қажеттігін қуаттады. Дәл осы ұстаным "Женева-8" келіссөздерінің сәтсіздікке ұшырауына себеп болды. Сирия СІМ Рияд отырысының мәлімдемесі мен ондағы алдын ала анықталған ұстанымдарға тоқталып: "Рияд отырысының мәлімдемесі нақты мақсатта дайындалған. Ол – "Женева-8" келіссөздерін тығырыққа тіреп, сәтсіздікке ұшырату",- деп мәлімдеді.

Сирия дағдырысындағы түрлі ойыншылардың рөлі бұл елдегі ойыншылардың майдандық және саяси салалардағы Сирияның қазіргі жағдайын түсініп, "Астана үдерісінің" осы шынайы ойдың нәтижесі екендігіне көзі жеткенін көрсетіп отыр.

 

 

Тегтер