Ресей Сириядағы екі әскери базасын күшейтеді
(last modified Sat, 23 Dec 2017 08:51:31 GMT )
Жел 23, 2017 14:51 Asia/Almaty
  • Ресей Сириядағы екі әскери базасын күшейтеді

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жұма күні осы елдің президенті Владимир Путинмен кездесуінде Ресейдің Сириядағы өзінің екі әскери базасын күшейтетінін мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Шойгу Сириядағы шиеленіс азайған аймақтарды бақылау мақсатында Ресейдің Сирияда бейбітшілікті орнатуды бақылау орталығы мен әскери полициясының үш гвардиясының қалатынын мәлімдеп: "Халықаралық келісімдерге сәйкес, Ресейдің Сириядағы "Тартус" және «Хмеймим»  әуе базалары сақталады",- деді.

Ресей "Тартус" теңіз базасын Жерорта теңізіндегі кемелеріне қолдау көрсету үшін, ал «Хмеймим» әуе базасын Сириядағы лаңкестерге қарсы қырғи және бомбалаушы ұшақтарын орналастыру үшін пайдаланады.

 

Тегтер