Ресей: АҚШ лаңкестерді Сирияның эт-Танф базасында жаттықтырады
(last modified Wed, 27 Dec 2017 12:08:16 GMT )
Жел 27, 2017 18:08 Asia/Almaty
  • Ресей: АҚШ лаңкестерді Сирияның эт-Танф базасында жаттықтырады

Ресей Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы АҚШ-тың лаңкестердің Сирияның оңтүстігіндегі эт-Танф базасында жаттықтыратыны туралы мәлімдеді.

RT Arabic телеарнасының ғаламтор базасының мәліметі бойынша Ресей Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы генерал Валерий Герасимов сейсенбі күні ДАИШ-тың Сирияда қалған лаңкестерінің Ливияға өткенін хабарлап, АҚШ-ты лаңкестерді әлі қолдап отырғанын  қуаттап, Ресейдің «Джебхат ан-Носрат» лаңкестік тобын 2018 жылы толығымен жоятынын айтты.

Бұдан бұрын Ресей Президенті Владимир Путинның Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка істері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов: "ДАИШ-тың жеңілгені туралы хабар жарияланғаннан кейін АҚШ әскерилерінің Сирияда қалуы үшін сылтау қалған жоқ",- деген болатын. Михаил Богданов Сирия жеріндегі шетелдік күштердің орналасуы туралы: "Мәскеу Вашингтонның ДАИШ тобы жойылғаннан кейін өз күштерін Сирияда қалдыруға қатысты еш сылтауын қабылдамайды",- деді.  

 

 

Тегтер