Times: ДАИШ лаңкестік тобына қосылған 300 британ азаматы Түркияда жасырынып жүр
(last modified Thu, 28 Dec 2017 10:09:21 GMT )
Жел 28, 2017 16:09 Asia/Almaty
  • Times: ДАИШ лаңкестік тобына қосылған 300 британ азаматы Түркияда жасырынып жүр

Батыс елдері ДАИШ-ке қосылған өз азаматтарының қайтып оралуынан алаңдап отырған жағдайда бүгінде ДАИШ лаңкестік тобына қосылған 300 британ азаматы Түркияда жасырынып жүр.

Ұлыбританияның "Times" газеті сәрсенбі күні: "ДАИШ лаңкестік тобына мүше жүздеген адам, соның ішінде  300 британдық бұл топтың Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласы мен Ирактың солтүстігінде орналасқан Мосул қаласындағы жеңілістерінен кейін Түркияға аттанған.

Осы күнге дейін кемінде 850 британ азаматы ДАИШ-ке қосылған. Олардың жартысы Ұлыбританияға қайтып оралды. 130 адам Сирия мен Иракта болған әскери қақтығыстар барысында қаза тапты",-деп жазды.