Иран мен Әзірбайжан Республикасы бірлесіп көлік өндіреді
(last modified Tue, 02 Jan 2018 16:56:29 GMT )
Қаң 02, 2018 22:56 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан Республикасы бірлесіп көлік өндіреді

Әзірбайжан Республикасындағы Иранның сауда кеңесшісі Мұхаммад Ибрахим Нағизаде екі елдің ортақ көлік өндіруші компаниясын тіркегенін хабарлап: «Жақын арада Иран және Әзірбайжан Республикасының көлік өндіруші компаниясы бірлесіп 5 көлік өндіріп шығарады.

«Azevrocar» атты Иран және Әзірбайжан Республикасының ортақ көлік өндіруші компаниясы Әзірбайжанның «Azmash» компаниясының 75 пайыз, Иранның «Iran Khodro» компаниясының 25 пайыз үлесімен тіркелді» деп мәлімдеді.

Нағизаде «Azevrocar" көлік өндіруші компаниясының өндірістік әлеуетінің 10 мың көлікке жететінін баяндап: «Компания алғашқы өндірісінің көлемін 3 мың көлікке, кейінгі кезеңде 5 мың көлікке жеткізуді мақсат етеді» деп баса айтты.

«Azevrocar" көлік өндіруші компаниясы Бакудан 175 шақырым жердегі Нефтчалы аймағында орналасқан.