Макрон: Иранмен диалог желісі сақталуы керек
Франция Президенті сәрсенбі күні Иранмен диалог желісінің сақталуы қажеттігін қуаттады.
Mehr ақпарат агенттігінің Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Эммануэль Макрон Ирандағы жуырдағы наразылықтардан кейін АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясы басшыларының Иранға қарсы соғысқұмар сөздерін сынап: "Үш елдің басшыларының ИИР-на қарсы сөздері мен мәлімдемелері іс жүзінде соғыс отын тұтататын сарында айтылды",-деді.
Франция Президенті Париждің аймақта тепе-теңдіктің сақталғанын қалайтынын, жуырда Теһранға баратынын айтты.
Осындай жағдайда Канаданың Сыртқы істер министрі Христя Фриланд сәрсенбі күні Оттаваның ИИР-на қарсы ұстанымын жалғастырып, Ирандағы бүлікті қолдайтынын тағы растады.
Ол күлкілі сөз айтып, Иранды адам құқығы мен демократияның принциптерін бұзды деп айыптады.
Канаданың адам құқығын қолдау туралы уәжі Оттава әрдайым бала өлтіргіш әрі басқыншы сионистік режимді заңсыз қолдап, өз одақтастарының, соның ішінде Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына қатысты үнсіздік танытып, Канадағы жергілікті тұрғындарға, мигранттар мен азшылық топтарға кемсітушілік қатынас көрсететін жағдайда айтылып отыр.