Ресей өзінің Сириядағы қырғи ұшақтарының жойылғаны туралы хабарды теріске шығарды
(last modified Thu, 04 Jan 2018 17:01:18 GMT )
Қаң 04, 2018 23:01 Asia/Almaty
  • Ресей өзінің Сириядағы қырғи ұшақтарының жойылғаны туралы хабарды теріске шығарды

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Сирияның «Хмеймим» әуе базасына жасалған шабуыл кезінде елінің жеті қырғи ұшағының жойылғаны туралы жуырдағы хабарларды теріске шығарды.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жариялап: "Қазіргі таңда Сирия жерінде орналасқан Ресейдің қырғи ұшақтары толық әскери дайындық күйінде өзіне жүктелген барлық тапсырмаларды орындауды жалғастырады",- деді.

Бұл мәлімдемеге сәйкес, лаңкестер желтоқсанның отыз бірі күні Сирияның «Хмеймим» әуе базасын түн ішінде зеңбіректермен нысанаға алып, соның салдарынан екі ресейлік әскери қаза болған.

 

 

Тегтер