АҚШ Иранға қарсы тағы санкция салды
(last modified Fri, 05 Jan 2018 17:10:14 GMT )
Қаң 05, 2018 23:10 Asia/Almaty
  •  
АҚШ Иранға қарсы тағы санкция салды

АҚШ ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттерін жалғастырып, бейсенбі күеі Иранның бес өнеркәсіп тобына санкция салды.

Франция ақпарат агенттігінің Вашингтоннан хабарлауынша, АҚШ үкіметі бейсенбі күні Иранға қарсы тағы санкция салып, Иранның бес өнеркәсіптік тобын баллистикалық зымырандар бағдарламасына қатысты деп айыптап, халықаралық қаржы жүйесінен шығарды. Шәһид Бақери атындағы өнеркәсіптік топтың қарамағына кіретін бұл бес компания бұдан бұрын да АҚШ-тың санкциялық тізіміне енгізілген болатын.

АҚШ-тың Қаржы министрлігінің жариялауы бойынша, жаңа санкциялардың іске асырылуымен бұл компаниялардың АҚШ-тағы қаржылары бұғатталып, сауда қарым-қатынастарына тыйым салынып, олар АҚШ-тың қаржы жүйесін пайдалана алмайтын болады. АҚШ басшылары бұдан бұрын Ирандағы жуырдағы тәртіп бұзушылықтарға байланысты ислам республикасына қарсы тағы  санкция салатыны туралы мәлімдеген болатын.