АҚШ-тың әшкере және жасырын қастандықтары: Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи кеше, сейсенбі күні хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1356 жылдың дей айының 19 күнгі көтерілістің жылдығында Құм қаласының мыңдаған тұрғынымен кездесуінде Иран халқының құқығына қатысты талап-тілектерін теріс пайдалану үшін дұшпандар ұйымдастырған қастандықтың түрлі аспектілеріне тоқталды.
Ислам революциясының жетекшісі кешегі сөзінде Ирандағы жуырдағы оқиғаларды сараптап, екі маңызды мәселеге назар аудартты: бірінші мәселе, Ислам революциясы мен Ислам республикасы жүйесі дұшпандарының Ислам революциясының жеңісінің бірінші күнінен осы кезге дейін әртүрлі жолдар арқылы білдіріп келе жатқан қастандықтарының тамырына назар аударудың қажеттілігі; екінші мәселе сыртқы зардаптар мен ішкі әлсіз тұстардың арасын ажыратудың қажеттілігі. Негізінде бұл мәселе 9-шы дей күнгі наразылықтардан кейін пайда болған мәселелерге ұқсас тақырыптардың себептері мен факторларын анықтауға көмектесе алады.
Ислам революциясының жетекшісі бұл екі мәселені баяндап, орын алған оқиғалар мен мәселелерге назар аудартып, халықтың құқықтарын қорғап, олардың мәселелерін шешу талпынысын басшылардың міндеті деп атап: "Халықтың әлсіз таптары қысым көруде. Сондықтан барлық басшылар мәселелерді шешуге бүкіл күштерін салуы керек",- деді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында оқиғалардың басқа аспектілерне сілтеме жасап: "Деректер мен мәліметтер орын алған оқиғалардың ұйымдастырылып, "үштіктің" белсенді болғанын көрсетеді. Жуырдағы оқиғалардың «үштігінің» басында Америка мен сионистік режим болды. Олар жоспар құрып, сол жоспарды бірнеше ай бойы жетілдірген. Сонымен қатар елдегі бейберекеттіктер шағын қалалардан басталып, орталыққа жетеді деп ойлаған. «Үштіктің» екінші жағында жоспардың қаржысын қамтамасыз еткен Парсы шығанағындағы бір бай ел тұрды. «Үштіктің» үшінші тарабында «Монафеқин» лаңкестік ұйымына тәуелді жалдамалы күштер орналасты. Олардың Иранға енгеніне көп ай болған»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі Ирандағы бейберекеттіктердің ұйымдастырылған әрекеттер болғанына тоқталып: "Дұшпандар ұйымдастыру жұмыстары мен операциялар үшін Иранмен көршілес жерден басқаратын екі база құрған. Көптеген мәліметтер бұл оқиғалардың елдің шекарасының сыртынан жобаланғандығына немқұрайдылық танытуға болмайтынын көрсетті. Сондықтан бұл оқиғаны сараптап, жиындардың халықтың заңды талап-тілектерінен неліктен және қалай шыққанын, шетелдік ғаламтор және ақпарат құралдарының араласуымен мақсатты тәртіп бұзушылық пен бейрекеттіктерге айналғанын анықтау қажет",- деді. Иран халқы жуырдағы оқиғаларға қырағылық білдіріп, бұрмаланған ағымдардың алдында дұшпанды танитынын көрсетті.
Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, "халық халыққа қарсы», «Иран Иранға қарсы», «Ислам исламға қарсы» деген соғыс келешекте де жалғасады.