Америкалық сенатор Трамптың «Ортақ қадам» келісімінен шығуына қатысты ескерту жасады
Америка Сенатының халықаралық байланыстар комитетінің басшысы: «Трамп «Ортақ қадам» ядролық келісімінен шыққан жағдайда Вашингтонның Солтүстік Кореямен жасайтын ықтималды келісімге табанды болатындығына ешкім сенбейді» деді.
Америка Сенатының халықаралық байланыстар комитетінің басшысы Боб Коркер Иранға салынған ядролық санкцияларды тоқтату үдерісін созатын уақыттың жақындап қалғанына тоқталып: «Солтүстік Кореямен мәжбүрлі түрде келісім жасау ықтималы бар. Бірақ, Иранның «Ортақ қадам» келісіміне табандылығына байланысты, егер Трамп содан шығатын болса, әлемнің оның кез келген келісімге, соның ішінде Солтүстік Кореямен жасайтын келісімге табандылық танытатындығына сенуі қиын. Трамп «Ортақ қадамнан» шығатын болса, Америка өзінің еуропалық одақтастарынан алыстайды» деді.