Трамп – нәсілшіл адам
https://itolqyn.com/news/world-i33933
АҚШ президентінің нәсілшіл сөздеріне қатысты ішкі және сыртқы наразылықтардың нағыз қызған кезінде Дональд Трамп өзін нәсілшіл емеспін деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 15, 2018 18:00 Asia/Almaty
  • Трамп – нәсілшіл адам

АҚШ президентінің нәсілшіл сөздеріне қатысты ішкі және сыртқы наразылықтардың нағыз қызған кезінде Дональд Трамп өзін нәсілшіл емеспін деп атады.

АҚШ президенті баспасөз конференциясы кезінде бір журналистке: "Мен  нәсілшіл адам емеспін. Сіздер сұхбат алған адамдардың ішінде менің бойымда нәсілшілдік деңгейі өте төмен",- деді.

Бұл сөздер саяси тұлғалар, түрлі елдер мен халықаралық қауымдастықтардың АҚШ президентінің жуырда айтқан қорлаушы әрі нәсілшіл мазмұндағы "кесапат мекендер" деген сөз тіркесін пайдаланғаны үшін қатаң айыптағаннан кейін айтылды. Трамп өткен бейсенбі күні АҚШ Конгресс мүшелерінің алдында Африка және Латын Америка елдері мен сол елдерден келген мигранттарды "кесапат жерлерге" теңеген болатын. Бұл хабардың таралуы әлемдік деңгейде АҚШ президентін айыптаған ауқымды толқын  көтеріп, 54 африкалық мемлекет бірігіп, бұрын-соңды болмаған әрекет жасап, АҚШ президентінен кешірім сұрауын талап еткен.

Қазір Дональд Трамп осы әлемдік деңгейдегі айыптауларға жауап ретінде өзін нәсілшіл емес деп атап отыр. Алайда, АҚШ президентінің өткені бұл уәждерді дәлелдемей, теріске шығарып отыр. Дональд Трамп өзінің ресми белсенділігін 2016 жылғы алдын ала президенттік сайлаудағы республикашыл партия үміткерлерінің бірі ретінде мексикалықтарға сөз жүзінде шабуылдаумен бастаған еді. Ол сол кезде мексикалықтарды қылмыскер және жыныстық тұрғыдан науқастар деп атады. Содан кейін Трамп өзінің нәсілшіл шабуылдар жебесін мұсылмандарға бағыттап, Ақ үй тағына жол тапқан жағдайда мұсылмандардың АҚШ-қа келуіне тыйым салатыны жайлы уәде берген еді. Ол Ақ үйге президент ретінде билікке келгеннен бір аптадан соң жарлық шығарып, сол уәдесін жүзеге асырды. Бұл әрекеттің нәсілшіл әрі мұсылман қауымына қарсы болғаны соншалықты, елдің Федералды Соттары АҚШ президентінің шешімін қылмыс санап, кейбір ел азаматтарының, көбінесе мұсылмандардың АҚШ-қа келуіне тыйым салу туралы жарлықтың күшін тоқтатуды сұрады.