Америка мен Қазақстан 20 ынтымақтастық келісіміне қол қойды
Қаң 17, 2018 21:43 Asia/Almaty
Қазақстан президенті Вашингтон сапарында америкалық әріптесімен кездесіп, кездесу барысында екі ел арасында 20 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.
«Fars» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда Америка президенті Дональд Трамппен кездесуінде америкалық әріптесінен еліне келуге шақырғаны үшін алғыс айтып, оны да Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Екі ел президенттері тәуелсіздік пен екі елдің аумақтық тұтастығын және Қазақстанның әлемдік бейбітшілік пен тыныштықты сақтаудағы рөлін қуаттады.
Қазақстан мен Америка президенттері Орта Азиядағы қоғамдық түйткілдерді аймақтық серіктестік форматтарын, соның ішінде «C5+1» тобын қолдану арқылы шешуге әзірліктерін мәлімдеді.
Кездесуде Ауғанстандағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және аймақтың саяси-экономикалық байланыстарын көбірек дамыту туралы пікір алмасу өтті.
Трамп Қазақстаның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жылдардағы кезеңдік төрағалығын қуаттап, осы елдің ядролық қаруларды таратуға тыйым салу саласындағы халықаралық талпыныстарын оң бағалады.
Тегтер