Қаң 18, 2018 13:02 Asia/Almaty
  • Америка Сирияның күрдтеріне зенитті зымырандарын жасырын түрде тапсырды

Сирияның күрдтері құпия жасалған келісімге сәйкес Америкадан зенитті зымырандар алған.

«Спутник» агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша Сирия Армиясының хабар агенттіктеріне жақын Al Masdar агенттігі америкалықтардың өткен аптада зенитті зымырандардан тұратын бір тиелімді Идлиб облысындағы Афран аймағындағы Сирия күрдтеріне тапсырғанын хабарлаған.   

Зенитті зымырандар күрд әскери жасақшылары тарапынан бүлікшіл топтар шабуыл жасаған жағдайда қорғану үшін қолданылады деп айтылуда. Алайда ұшақтарға ие бүлікшіл топтардың атауы аталған жоқ.

Сирия күрдтерінің халықтық қорғаушы бірліктерінің қолбасшысы Сибан Хаму Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның жуырда айтқан сөзіне реакция білдіріп: «Сирия күрдтерінің топтары өздерін қорғауға әзір» деді.

Ердоған Түркия армиясының Сирияның солтүстік аймақтарындағы операциялары жылдам нәтижеге жетеді деп айтқан болатын. Ол Сирияның қарулы топтарын «лаңкес» деп атап, жақын арада оларды жеңетінін қуаттады. 

 

Тегтер