Нахчывандағы наурыз фестивалінде Иранның павильоны көрермендердің ыстық ықыласына бөленді
(last modified Tue, 29 Mar 2016 15:43:09 GMT )
Нау 29, 2016 21:43 Asia/Almaty
  • Нахчывандағы наурыз фестивалінде Иранның павильоны көрермендердің ыстық ықыласына бөленді

Нахчыван автономиялық республикасында өткен наурыз фестивалінде Иран Ислам Республикасының павильоны көрермендердің көңілінен шықты.

Иранның павильоны Нахчыван автономиялық республикасындағы Иран консулдығына қарасты мәдени орталықтың бастамасымен ұйымдастырылды. Наурыз фестивалінің ашылу рәсімі Нахчыван автономиялық республикасының басшылары, ғылыми, мәдени, өнер және экономика саласы тұлғаларының қатысуымен өтті. Осы фестиваль жыл сайын наурыз мейрамына байланысты Нахчыван қаласындағы «Момене Хатун» тарихи- өнер ғимаратының жанында өткізіліп, онда көптеген өнер ұжымдары түрлі бағдарламаларды орындайды.