Қазақстан президенті: "Ортақ қадам" бағдарламасы жалғасуы тиіс
(last modified Fri, 19 Jan 2018 12:58:09 GMT )
Қаң 19, 2018 18:58 Asia/Almaty
  • Қазақстан президенті:

Қазақстан президенті "Ортақ қадам" бағдарламасын көпжақты дипломатияның табысы деп атап, «Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жалғасуы қажеттілігін баса айтты.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, елі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік төралығын мойнына алған Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні "Жаппай қырып-жоятын қаруларға тыйым салу" тақырыбында өткен кеңестің отырысында "Ортақ қадам" келісімінің барлық тараптарынан осы халықаралық келісімді сақтап қалуға талпыныс жасауды сұрады.

Қазақстан президенті АҚШ президенті Дональд Трамппен жуырдағы кездесуінде осы мәселе жайында сұхбаттасқанын айтты. Назарбаев сейсенбі күні Ақ үйде Трамппен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, барлық мемлекеттерден Таяу Шығыс аймағын ядролық қарулардан тазарту үшін бар күштерін салуды сұрады.

Қазақстан президенті БҰҰ мүшелері тарапынан ядролық қаруларды пайдаланбау үшін міндетті қарар бекіту туралы ұсыныс жасады.

Сионистік режим химиялық және ядролық қаруларды өндіріп, оларды сақтау арқылы Таяу Шығыс аймағын жаппай қырып-жоятын қарулардың қоймасына айналдырды. Түрлі ақпараттарға сәйкес, қазіргі таңда сионистік режим бүкіл әлемді жоя алатын 300-ге жуық ядролық оқтұмсыққа ие.