Мың түрлі сылтаумен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзу үшін әрекет жасалуда
Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, еуропалықтар Дональд Трампты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтауға және ядролық келісімнен шықпауға көндіру үшін Иранға қарсы жаңа санкциялар салып, Иранның зымырандық бағдарламасына қарсылық түрінде Теһранға саяси экономикалық тұрғыдан қысым жасауы мүмкін.
Бұл тәсіл орындалған жағдайда Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің жаңа жетістігі саналады. Ол Еуропаға сапары барысында Иранның Таяу Шығыстағы ықпалының артуына кедергі жасау үшін Теһранмен келісім тарабы ретіндегі еуропалық елдерге қысым жасаған болатын.
Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығамын дегеніне бір жылдан астам уақыт болды. Алайда осы уақытқа дейін бұл шарадан бас тартып келді. Бұған қарамастан, оның ядролық келісімді өзгертуге берген жаңа мерзімі кейбіреулердің осы мұрсатты Иранға жаңа талаптар жобалауға пайдалануына себеп болды. Осы орайда ақпарат құралдары Германияның Дональд Трамптың көңілінен шығу үшін Теһранға қарсы жаңа санкциялардың салынуын қадағалап жатқанын хабарлады.
Егер мұндай шара орындалса, мынадай мағынаны білдіреді: Еуропа АҚШ сияқты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының маңыздылығы мен оның рухын түсінбеді. Иранмен қарым-қатынасты қалыптандырудың орнына «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Иранға қарсы әдеттегі қоқан-лоққы ретінде сақтағысы келеді.
Осы күнге дейін Теһран өзінің қорғаныс бағдарламасына қол сұғуға рұқсат бермейтінін талай рет қуаттаған болатын. Тіпті, келіссөздерге бармаудың салдарынан жаңа санкциялар салынса да, Теһранның мұндай ақпараттарға реакциясы зымырандық келіссөздер туралы уәждерге байланысты қандай да бір жұмсақтық жасалғанын теріске шығару болатыны анық.
Иран, Еуропа, АҚШ, Ресей мен Қытай осыдан бұрын ядролық келіссөздер барысында зымырандық бағдарлама туралы сөйлесіп, бір қорытынды нәтижеге жеткен болатын. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық келісімді растайтын қарарына сәйкес, Теһран ядролық оқтұмсықтарды тасымалдау қабілетіне ие баллистикалық зымырандарды жасамауға міндеттеме алды.
Иран БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі қарарының осы тармағына берік. Еуропа мен АҚШ-тың Теһранды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзды деп айыптауына ешқандай негіз жоқ.
Сондықтан кез келген зымырандық санкция АҚШ немесе Еуропа тарапынан салынса да, халықаралық заңдарға қайшы және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын ашық түрде бұзу саналады. Мұндай шара Иран тарапынан жауапсыз қалмайды.
Иран еуропалықтардан Трампқа жақтасып, оның ризашылығына бөленуге талпынудың орнына Теһранмен көбірек ынтымақтастық жасауды күтеді. Егер Еуропа халықаралық заңдар мен ядролық келісімді сақтауға берік болса, болашақта басқа елдер Жасыл құрлықпен дипломатиялық келіссөздер өткізуге көбірек мүмкіндік болатындығына үміттене алады.
Алайда, егер Еуропа АҚШ жүрген жолмен жүріп, бұрынғы келіссөздердің барлығынан теріс айналып, тиімсіз құрал болып отырған санкцияны пайдалануға тырысса, басқа елдерден халықаралық келісімдерге берік емес елдермен қатерлі келіссөздердің шырғалаңына түседі деп күтпесе де болады. Олар өз мүдделеріне сай жолды жалғастырады.