Астана мен Дели әскери ынтымақтастықтарын арттырады
Қазақстан мен Үндістан басшылары ортақ отырыста әскери саладағы өзара ынтымақтастықтарын арттыратынын қуаттады.
Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы Алмаз Джумакеев сейсенбі күні Үндістан армиясы штабы бас директорының орынбасары Нидия Сенгуптамен кездесуінде екі елдің әскери саладағы ынтымақтастықтарын арттыру қажеттігін қуаттады. Джумакеев пен Сингупта сондай-ақ, Қазақстан мен Үндістан үкіметтері арасындағы екі ел әскерилерінің кейбір операцияларға қатысуы туралы пікір алмасты. Қазақстан мен Үндістан үш мәселеге шоғырланған қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтарға назар аударды.
Ортақ мүдделерге қатысты бірінші мәселеге екі елдің лаңкестікпен бірігіп күресуі жатады. Айта кететін жайт, Үндістан мен Қазақстанды алаңдатқан мәселе – лаңкестік топтардың бір-бірімен ұқсастығы және екеуінің де аймақтық қолдауларға ие болуы.
Үндістан мен Қазақстан әл-Қаида немесе Талибанға тәуелді топтардың әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп, өз шекараларында қауіп-қатерді сезінуде. Басқа жақтан Үндістанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына назар аударуы оның Орта Азия аймағының теңгеріміне көңіл бөлуін көрсетеді. Бұл мәселе Үндістан мен Орта Азия елдері қарым-қатынастарының жақсаруы мен тереңдеуін қажет етеді. Үндістан Қазақстанның геополитикалық жағдайына да көз тігуде.
James town ұйымының зерттеушісі Марат Ермуханов Үндістан мен Қазақстан қарым-қатынастары туралы: "Екі елді бір-біріне жақындатқан – аймақтың қауіпсіздік факторы. Соңғы жылдары екі ел лаңкестікпен күрес және аймақ қауіпсіздігін қорғау салаларында көптеген ынтымақтастықтарды тәжірибеден өткізді. Бұл ынтымақтастықтар екі елдің әскери күштерін жаттықтыру мен әскери өнеркәсіпті жақындатуға себеп болуда",- деді.
Қазақстан мен Үндістан келешекте өздерінің жақсы қорғаныс, саяси және экономикалық қарым-қатынастарын одан әрі дамыта алады деген ой туады. Мұндай ынтымақтастық басқа елдер үшін үлгі болады. Яғни, мемлекеттер үшнші ойыншының қатысуынсыз екіжақты және жанжақты қарым-қатынастарға ие бола алады.