Нетаньяху Давос форумында Иран жайлы қисынсыз сөйлеп, өз кінәсін өзгеге жапты
https://itolqyn.com/news/world-i34237
Сионистік режимнің Премьер министрі Бениямин Нетаньяху: «Мен үшін жалғыз маңызды мәселе – Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу. Ядролық келісімді сақтау немесе жою маңызды емес»,-деген уәж айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 26, 2018 19:04 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Давос форумында Иран жайлы қисынсыз сөйлеп, өз кінәсін өзгеге жапты

Сионистік режимнің Премьер министрі Бениямин Нетаньяху: «Мен үшін жалғыз маңызды мәселе – Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу. Ядролық келісімді сақтау немесе жою маңызды емес»,-деген уәж айтты.

Нетаньяху бейсенбі күні Давос форумы аясында Фарид Закария өткізген отырыста: «Еуропалықтар Иранмен нашар келісімге қол қойды. Бұл нашар келісімді сақтаудың қажеті жоқ»,-деді.

Әлі күнге дейін Иранның ядролық келісіміне қатаң қарсылық білдіріп, АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға итермелеп отырған сионистік режимнің Премьер-министрі: «Елдер нашар келісімдер жасап, соларға табандылық таныту өкінішке жеткізген жайттар тарихта болды. Иранда тексеру механизмі қиындыққа ұшырап отыр. Теһран әскери орталықтарды тексеруге рұқсат бермейді»,-деді.

Иран мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қоғамдық пікірді бұзғысы келетін сионистік режимнің Премьер-министрі: «Бұл бағдарлама Иранға 8-10 жылдың ішінде 100-200 атом бомбасын жасауға жеткілікті уран өндіріп алуға мүмкіндік береді»,-деді.