Сочи конференциясы мәлімдемесінің жобасы жарияланды
(last modified Mon, 29 Jan 2018 14:49:37 GMT )
Қаң 29, 2018 20:49 Asia/Almaty
  • Сочи конференциясы мәлімдемесінің жобасы жарияланды

Al Mayadeen хабар арнасының торабы Сочиде өтіп жатқан Сирияның ұлттық сұхбаттар конференциясының қорытынды мәлімдемесінің жобасын жариялады.

Al Mayadeen хабар арнасының мәліметі бойынша, Сочи конференциясының қорытынды мәлімдемесінің жобасы 2017 жылы БҰҰ-ның Сирия істері бойынша өкілі Стаффан де Мистураның ресейлік көмекшісі Виталий Наумкинмен бірге дайындаған, кейін Женевада өткен сириялық келіссөздерге қатысушы тараптар арасында түзетіліп, жарияланған құжатқа негізделді.

Осы мәліметке сәйкес, аталмыш жобаға сириялық тараптар түзетулер енгізген.

Сочи конференциясының қорытынды мәлімдемесінің жобасы өзінің соңғы тармақтарында Конституцияға түзету енгізу үшін Сирия үкіметі өкілдерінің делегациясы және қарсылас өкілдердің ауқымды қатысуымен Конституция комитетін құруға мүдделік танытты.

Жобада БҰҰ-ның Бас хатшысынан Сириядағы өзінің арнайы өкілін Женевадағы Конституция комитетінің үдерісіне қолдау көрсетуге жауапты ету сұралды.

Сирияның ұлттық сұхбаттар конференциясы бүгін дүйсенбі және ертең бейсенбі күндері 1600 сириялық пен аймақтық және халықаралық кейбір тараптардың қатысуымен өтеді.

 

Тегтер