АҚШ Марадонаға виза бермеді
Ақп 03, 2018 14:28 Asia/Almaty
АҚШ осы ел президентіне тіл тигізгені үшін Аргентина футбол командасының жаттықтырушысына виза бермеді.
Russia Today ақпарат агенттігі интернет торабының хабарлауынша, АҚШ үкіметі Диего Марадонаның АҚШ президенті Дональд Трамп туралы айтқан сөздеріне байланысты оған АҚШ-қа кіру визасын бермеді.
Марадона жуырда берген сұхбатында Дональд Трампты сынға алып, оны "басқалардың қолындағы қуыршақ" деп атаған болатын.
Бұл сұхбат Марадонаның АҚШ-қа визасы қарастырылып жатқан кезде жарияланды.
Тегтер