АҚШ Сирияға әскери шабуылмен қоқан-лоққы жасады
(last modified Sat, 03 Feb 2018 13:47:36 GMT )
Ақп 03, 2018 19:47 Asia/Almaty
  • АҚШ Сирияға әскери шабуылмен қоқан-лоққы жасады

АҚШ-тың Сирия үкіметін құлатудағы саясаты жеңіліс тапқаннан кейін осы жолы АҚШ-тың Қорғаныс министрі «Сирия үкіметі химиялық қару қолданды» деген уәжбен бұл елге әскери шабуыл арқылы қоқан-лоққы жасады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Қорғаныс министрі Джим Мэттис жұма күні Сирия үкіметінің химиялық қару қолданды деген уәждерін қайталап: "Бұл жағдай жалғасатын болса, Вашингтон Башар Асад үкіметіне қарсы әскери шабуыл жасайды", - деп ескерту жасады.

АҚШ Қорғаныс министрі Қорғаныс министрлігінде өткен баспасөз конференциясында: "Біздің қолымызда Сирия Әскерінің Шығыс Ғутэ аймағында химиялық қару қолданғаны туралы құжат әлі жоқ. Бірақ, бұл істі Сирияның мемлекеттік күштері жүзеге асырғанына кәміл сенеміз» деді.

Бұл БҰҰ-ғы Сирияның тұрақты өкілдігі «АҚШ-тың химиялық қарулар жөніндегі Сирия мен Ресейге қарсы уәждері халықаралық тергеу механизмін тоқтату мақсатында жоспарланып отыр",- деп айтқан жағдайда орын алып отыр.

Сирияның Хан Шейхун және Шығыс Ғутэ аймақтарында химиялық қаруларды қолдануға негізделген баяндамалар жарияланғаннан соң Дамаск үкіметі Химиялық қаруға тыйым салу ұйымынан аймаққа инспектор жіберуді сұрады.

 

 

Тегтер