Тәжікстан үкіметі жүздеген мешітті жапты
(last modified Tue, 06 Feb 2018 13:49:02 GMT )
Ақп 06, 2018 19:49 Asia/Almaty
  • Тәжікстан үкіметі жүздеген мешітті жапты

Тәжікстанның діни істер жөніндегі үкіметтік комитетінің басшысы бұл елде шамамен 2000 мешіттің жабылғанын хабарлады.

ИРНА-ның Тәжікстанның дереккөздерінің біріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Солейман Даулатзаде дүйсенбі күні: "Бұл мешіттердің біразы үкіметтік органдардың шешімімен мұқтаж отбасыларына берілді, басқалары мәдени немесе өндіріс бірліктері ретінде пайдаланылады» деді.

Тәжікстанның діни істер жөніндегі үкіметтік комитетінің басшысы, сондай-ақ, бұл комитеттің сынақтарынан өтпегендігіне байланысты мешіттердің 35 құтпагерінің міндеттерінен босатылғанын хабарлады.

Тәжікстан үкіметі соңғы жылдары діни орталықтарды экстремизмнің таралуында рөлге ие деп сылтауратып, мешіттердің көбін жауып, діни қызметкерлерін қамауға алуда.