БҰҰ-дағы Сирия өкілі АҚШ-тың Дамаскке таққан айыптарын қабылдамады
(last modified Tue, 06 Feb 2018 13:59:54 GMT )
Ақп 06, 2018 19:59 Asia/Almaty
  • БҰҰ-дағы Сирия өкілі АҚШ-тың Дамаскке таққан айыптарын қабылдамады

БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілінің орынбасары Сирия үкіметіне қарсы химиялық қару пайдалану туралы айыптарды қабылдамай, АҚШ пен одақтастарының мақсатын Сирияға қарсы қысымды күшейту деп атады.

Манзар Манзар дүйсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия және сол елде химиялық қарудың пайдаланылуы туралы отырыста химиялық қару пайдалануды айыптап, қару пайдаланыушылардың нысанасының Сирия халқы болғанын айтты.

БҰҰ-дағы Сирия өкілі лаңкестердің ешбір қылмыстан, тіпті химиялық қару пайдаланудан тартынбауына назар аудартып: "Дамаск үкіметі бұл елде химиялық қаруды пайдаланған қылмыскерлерді анықтау жұмыстарын жалғастыруда. АҚШ пен Батыс үкіметтерінің Сирия үкіметінің химиялық қару пайдалануы туралы айыптары жалған. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері АҚШ пен кеңестегі оның одақтастарының қарулы лаңкестерді Сирияға енгізіп, оларды қарумен қамтамасыз еткендерін жақсы біледі",- деді.

 

 

Тегтер