ИИР-ның президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитына шақырылды
Қытайдағы Иран елшісі алдағы айларда Қытайда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының саммиты өтетіндігіне тоқталып, ИИР президентінің сол саммитке қатысуға шақырылғанын хабарлады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша Қытайдағы Иран елшісі Али Асғар Хаджи жексенбі күні кешке Бейжіңде өткен Иран ислам революциясы жеңісінің 39-шы жылдығының мерекелік рәсімінде Иран мен Қытай байланыстарына тоқталып, 2017 жылы екі елдің сауда айналымының 18,9 пайыз өсіммен 37 млрд 200 млн долларға жеткенін айтып: «Қытай жылына 31 млн тоннадан артық мұнай сатып алу арқылы Иран мұнайының ең үлкен сатып алушысы әрі ИИР-ның мұнайдан тыс тауарларының үлкен бөлігі экспортталатын ел саналады. Иран бүгінде Таяу Шығыстағы ең қауіпсіз ел. Иран өткен 39 жылда қоқан-лоққылар мен дұшпандықтар және шектеулерге қарамастан саяси, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени салаларда өзінің дамуы мен азаттығын сақтап қалды» деді.