Ресей Еуроодақпен терроризммен күрес саласында әріптестік жасауға дайын
(last modified Fri, 01 Apr 2016 09:28:05 GMT )
Сәу 01, 2016 15:28 Asia/Almaty
  • Ресей Еуроодақпен терроризммен күрес саласында әріптестік жасауға дайын

Ресейдің Еуроодақтағы өкілі Мәскеудің Еуроодақпен терроризммен күрес саласында әріптестік жасауға дайын екендігін хабарлады.

Ресейдің Еуроодақтағы өкілі Владимир Чизов жұма күні осы елдің «Известия» газетіне берген сұхбатында: «Ресейдің терроризммен күрес саласында тәжірибесі мол, сондықтан осы салада Еуроодақпен әріптестік жасауға дайын.

Осы салада кез-келген ортақ амалды атқаруға әлі ерте, өйткені Еуроодақ елдері өзара келісілген келісімдерді толығымен орындауда да қиындыққа ұшырап отыр»,-деп мәлімдеді.

Ресейдің Еуроодақтағы өкілі терроризммен күрес саласында үйлесімдіктің болуы қажеттігін қуаттап: «Францияның Париж қаласы мен Бельгияның Брюссель қаласындағы лаңкестік шабуылдардан кейінгі Еуроодақ елдерінің басты қиындығы лаңкестік шабуылдарға қарсы тұру саласында үйлесімдікті қамтамасыз ету болып табылады»,-деді.

ДАИШ лаңкестік тобының 2015 жылдың қараша айында Парижде жасаған лаңкестік шабуылында 147 адам қаза тапты, ал 2016 жылдың 22 наурызында Брюссельдің әуежайы мен метросына жасаған шабуылында 30-дан астам адамның өліміне себеп болды.