АҚШ-тың саясаты – Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың факторы
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі АҚШ-тың осы ұйымдағы өкілінің айыптауына білдірген реакциясында: «Американың сионистік режимнің басқыншылық саясаттарына қалтқысыз қолдау көрсетуі – Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың факторы»,-деп мәлімдеді.
Қызмет істеген бір жыл ішінде бірнеше рет сионистік режимге қолдау көрсеткен АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты отырысында Иран мен Ресейге аймақты тұрақсыздандырып отыр деп айып тақты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілінің мәлімдемесінде: «Шынайы жағдай Иранның Сирияда текетіресті жою үшін шын ниетпен талпыныс жасап жатқанын көрсетеді. Ал АҚШ үкіметі осы жолдағы кез келген талпынысқа кедергі болып отыр»,-деді.
Бұл мәлімдемеде АҚШ-тың ДАИШ пен терроризмнің аймаққа таралуындағы рөлін теріске шығаруға болмайтыны айтылып, АҚШ-тың аймақтың әртүрлі елдерінде, әсіресе Ирак, Ливия, Сирия, Ливан мен Ауғанстандағы заңсыз араласушылықтары мен авантюристік әрекеттерінің бұл елдерді тұрақсыздық жайлап, аймақтағы ауыр салдарларға себеп болғаны айтылған.