Руханиды Үндістан президенті мен премьер-министрі қарсы алды
ИИР президенті сенбі күні таңертең Үндістанға ресми сапарының екінші күні Үндістанның Ақ үйінде осы елдің президенті және премьер-министрімен ресми түрде кездесті.
ИИР президенті Хасан Руханиді қарсы алу рәсімінде Иран мен Үндістанның әнұрандары айтылғаннан кейін екі ел президенттерінің салтанатты кездесуі өтті.
Рәсім барысында ИИР президенті мен бірге келген делегацияның құрметіне 21 рет оқ атылып, Рухани мен Үндістан президенті Рам Нат Ковинд жоғары лауазымды делегация мүшелерін таныстырды.
Сонымен қатар Иран президенті жұма күні кешке Нью-Делидің әуежайында тілшілерге берген сұхбатта Азияның маңызды елдері Иран мен Үндістан арасындағы қатынастардың кеңеюі мен тереңдеуін тек екі елдің мүддесі үшін ғана емес, сондай-ақ аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін де пайдалы деп атады.
Рухани Нью-Делиде Үндістан президенті және премьер-министрімен ауылшаруашылығы, жаңа технологиялар, банк ісі, тасымал секілді түрлі салалар бойынша маңызды келіссөздер өткізіліп, екі ел қатынастарының дамуында маңызды қадамдардың жасалатынын мәлімдеді.