Рухани Иран мен Үндістан байланыстарының ешбір елге нұқсан келтірмейтінін айтты
ИИР-ның президенті Теһран мен Нью-Дели байланыстарының ешбір елге зиян келтірмейтінін баса айтып: «Екіжақты байланыстарды кеңейтіп, тереңдету үшін кең ауқымды мүмкіндіктер бар. Соларды екі ел мен аймақтың мүддесі мен болашағы шеңберінде бұрынғыдан көбірек пайдалану керек» деді.
Хасан Рухани сенбі күні Нью-Делиде Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модимен кездесуінде энергетика және тасымалмен байланысты салаларды екі елдің маңызды мүмкіндіктері деп атап: «Чабаһар порты Үндістанның Ауғанстан мен Орталық Азия мен Еуропаның шығысын байланыстыратын көпір ретінде Иран мен Үндістан және аймақтың тарихи байланысын нығайта алады.
Иран мен Үндістанның транзиттік байланысы аймақ елдерінің бір тобы үшін көпжақты және аймақтық мүмкіндіктер қалыптастырады. Чабаһар транзиттік жолының аймақ байланыстарын нығайту үшін стратегиялық бағытқа айналуы үшін Теһран үшжақты және көп жақты келісімдер жасауға әзір» деді.
Үндістан премьер-министрі Наре́ндра Моди кездесуде Үндістанның Иранмен екі ел мүдделік танытатын барлық салалар бойынша ұзақ мерзімді серіктестік жасауға мүдделік танытатынын айтып: «Үндістанның компаниялары инвестицияны ортақ серіктестік салаларында, соның ішінде мұнай мен газ салаларында кеңейтуге дайын» деді.
Моди сонымен қатар Чабаһар портының аймақтық серіктестіктерін кеңейту үшін ерекше маңызы мен орнына сілтеме жасап: «Чабаһар порты аймақ пен әлемдегі сауда байланыстарының ойынын ауыстыра алады. Үндістан қазір өз өнімдерін, соның ішінде бидайды осы порт арқылы Ауғанстанға экспорттауды бастады» деді.