АҚШ пен Израиль БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің қарарына қарсылық білдірді
Ақ үй сионистік режимнің экспансиялық саясаттарын қолдап, тағы да адамзатқа, соның ішінде палестиналықтарға қарсы ұстаным білдірді.
Осы жолы АҚШ сионистік режимге жақтасып, халықаралық жүйенің талабы мен қалауына қарсылық білдіріп, дау-дамай тудырып, БҰҰ Адам құқығы кеңесі тарапынан Израильдің Палестинаның басып алынған жерінде қалашық салу саясатына қарсы қабылдаған қарарды айыптады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми ақпарат хатшысы Джон Корби өзінің күнделікті баспасөз конференциясында БҰҰ Адам құқығы кеңесінің бұл шарасын ресми түрде сынға алып: «АҚШ Израильге санкция салуға бағытталған кез-келген қарарға қарсы және онымен күреседі»,-деді.
БҰҰ Адам құқығы кеңесіне 47 ел мүше. 3 жылда бір рет БҰҰ Бас ассамблеясы тарапынан осы кеңестің құрамы сайланады. Ешбір ел кеңеске екі реттен артық мүше бола алмайды.
АҚШ бұл кеңеске мүше болмағандықтан Израильдің сионистік режиміне қарсы қарардың қабылдануына тосқауыл қоя алмады.
БҰҰ Адам құқығы кеңесі жуырда басым дауыспен қарар қабылдап, сионистік компаниялармен әріптесіп, Иордан өзенінің батыс жағалауында қалашықтар салу жобасын орындап жатқан шетелдік компанияларды қара тізімге енгізді.
Бұл қарарда сионистік режимнің қалашықтар салу ісі айыпталып, бұл істерді заңсыз әрекет деп атап, басқа елдер мен халықаралық тараптарды Палестинаның басып алынған жерінде қалашықтар салуға көмектеспеуге шақырды. Осы қарарға дауыс бергендердің көбі еуропалық елдер болды және ешбір ел қарарға қарсы шықпады.
БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі 10 жыл бұрын құрылған. Оның орталығы Женева қаласында орналасқан. Бұл кеңес сионистік режимге қарсы позиция ұстанатындықтан осы күнге дейін АҚШ пен Израиль тарапынан көптеген сынға ұшырады. Әсіресе БҰҰ Адам құқығы кеңесінің сионистік режимге қарсы қаулылары Израильдің оқшауланып, санкцияға ұшырауына себеп болып, бұл режимнің әлсіз экономикасына ауыр шығын әкелді. Еуроодақ Израильге қарсы жаңа санкциялар туралы заң бекітіп, Израильдің қалашықтарында жасалған өнімдерге санкция белгісін салғаннан 6 ай өткен соң БҰҰ Адам құқығы кеңесінің соңғы қарары екі саяси-экономикалық ұйым тарапынан сионистік режимге жасалған ауыр соққы болып табылады.
Сионистік режимнің басшылары, әсіресе Премьер-министрі Еуропа елдерінен БҰҰ Адам құқығы кеңесінің бұл қарарын орындаудан, яғни Палестинаның басып алынған жерінде сионистер тұратын қалашықтар салуда әріптестік жасап жатқан сионистік және шетелдік компаниялардың қара тізімін жасап, оларға қарсы шара қолданудан бас тартуды сұрады.
Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху БҰҰ Адам құқығы кеңесіне сөзбен шабуыл жасап, БҰҰ-ын Израильге қарсы жауластық шараларын қабылдайтын орын деп атады.
Палестинаның статистикалық орталықтарының мәліметтері бойынша, сионистік режим Палестина жерінің 85 пайызын тәркілеген.
Сионистік режим, сондай-ақ, Палестинаны басып алғанына 70 жыл уақыт өтсе де, палестиналықтардың жерлерін тәркілеп келеді. Олардың үйлерін қиратып, өздерін босқынға айналдыру арқылы палестиналық жерлерді толығымен басып алуға күш салуда.
Сионистік режим АҚШ-тың рұқсатымен және Ақ үйдің қаржылай және әскери қолдауына сүйене отырып, Бейт ул-мұқаддас қаласы мен басқа да палестиналық аудандарды басып алу мақсатында басып алынған жерлерде қалашықтар салу жобаларын орындауды көздеп отыр. Осы күнге дейін Вашингтон мен Тель-Авивтің осы алыс-берісіне көңіл аудармай келген әлем енді Палестинаның басып алынғанынан бері 68 жыл өткен соң осы үдерістің тоқтатылуын, Палестина халқының үйсіз-күйсіз босқынға айналуына тосқауыл қойылуын шынайы түрде талап етіп отыр.