Путин мен Эрдоған телефон арқылы сөйлесті
(last modified Tue, 20 Feb 2018 13:30:08 GMT )
Ақп 20, 2018 19:30 Asia/Almaty
  • Путин мен Эрдоған телефон арқылы сөйлесті

Ресей Президенті Владимир Путин дүйсенбі күні кешке Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен телефон арқылы аймақ пен әлем мәселелері, әсіресе Сирия дағдарысын шешу саласындағы жұмыстарды жалғастыру туралы сөйлесті.

Эрдоған мен Путин Сирияның солтүстігі мен батысындағы жағдай және  Түркияның Сирияның Африн аймағындағы әскери әрекеттері туралы пікір алмасты. Путин мен Эрдоған сондай-ақ, Сирияның солтүстік-батысындағы Идлибте тексеріс жүргізетін жаңа пункттер орнату туралы сөйлесті.

Ресей мен Түркия басшылары Теһран-Анкара-Мәскеудің зорлық-зомбылықтардан босаған аймақтарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және Сочидегі Сирияның ұлттық диалогы конференциясының нәтижелерін толықтыру саласындағы саяси үдерісті ілгерілету мақсаттарын іске асыру үшін қажет талпыныстарды арттыруға дайындықтарын қуаттады.

Сирияның ұлттық диалогы конгресі қаңтар айының 29-30 күндері Сочиде өтті.

 

 

Тегтер