АҚШ Мемлекеттік департаменті елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру туралы мәлімдеме жариялады
(last modified Sat, 24 Feb 2018 11:07:57 GMT )
Ақп 24, 2018 17:07 Asia/Almaty
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіру туралы мәлімдеме жариялады

Аймақтық және халықаралық қарлысылықтарға қарамастан АҚШ Мемлекеттік департаменті 2018 жылдың мамыр айында елінің елшілігін Тель-Авивтен басып алынған Құдсқа көшіретінін хабарлады.

ИРНА-ның жұма күнгі хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт мәлімдеме жариялап, мамырдың он төрті күні Құдс қаласында өз елінің Израильдегі жаңа елшілігінің ашылатынын растады.

Осы мәліметке сәйкес, АҚШ-тың жаңа елшілігі Тель-Авивтен басып алынған Құдстың оңтүстігіндегі Арнона аймағында орналасқан АҚШ консулдығының қазіргі орналасқан жеріне ауыстырылмақ.

Мамырдың он төрті палестиналықтар "Қасірет күні» деп атайтын жалған сионистік режим құрылуының 70-ші жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы желтоқсанның алтысы күні аймақтық және халықаралық жаппай қарсылықтарға қарамастан "Вашингтон Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми түрде мойындайды" деп мәлімдеген болатын.

Сионистік режимнің Көлік және жол қауіпсіздігі министрі Исраэль Кац Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында АҚШ президенті Дональд Трампты АҚШ елшілігінің Бейт ул-Мұқаддасқа көшірілуіне байланысты құттықтады.