ЕО Астанада Орталық Азия елдері басшыларының саммитын өткізуді қолдайды
Ақп 24, 2018 22:38 Asia/Almaty
Еуропа Одағы Қазақстанның Елордасы Астанада Орталық Азия елдерінің саммитын өткізуді қолдайды.
Fars хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Еуропа Одағының Орталық Азия елдері бойынша арнайы өкілі Петер Буриан «Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері байланыстарының 25 жылдығы: өткеннен болашаққа қарай» атты халықаралық конференцияда Орталық Азия елдері басшыларының саммитын өткізуге қолдау көрсетіп: «Биыл наурыз айында Астанада өтетін Орталық Азия елдері басшыларының саммитында аймақтық серіктестіктерді нығайту, осы аймақтың түйткілдерімен күресуге қатысты мәселелер қарастырылып, талқыға салынады. Еуропа Одағы аймақ басшыларының саммитты басқа тараптардың қатысуынсыз өткізу шешімін қолдайды. Саммитте ынтымақтастық пен түйткілдерді шешу үшін аймақтық стратегияларды дамытудың артықшылықтарының анықталатындығына үміттенеміз. Еуропа Одағы Орталық Азиядағы оң өзгерістерді құптап, конвергенция мен ынтымақтастықты мәселелерді шешетін ең маңызды жол санайды» деді.