Тәжікстанда "Наурыз – туризм мәдениетінің мұрасы" атты фестиваль өтеді
(last modified Thu, 01 Mar 2018 17:09:30 GMT )
Нау 01, 2018 23:09 Asia/Almaty
  • Тәжікстанда

Тәжікстан Мәдениет министрлігі осы елдің астанасы Душанбе қаласында "Наурыз – туризм мәденитінің мұрасы" атты фестивальдің ұйымдастырылатынын хабарлады.

Тәжікстанның Мәдениет министрлігі мәлімдеме жариялап, фестивальдің наурыздың жиырма бесі күні Наурыз мерекесі мен Тәжікстандағы "Туризм мен қолөнер саласын дамыту жылына" орай өткізілетінін айтты. Тәжікстанда Наурыз фестивалін өткізудің мақсаты – Наурыз мерекесі күндері осы елге келген туристерге Тәжікстанның туризм мен мәдениет саласындағы әлеуеттерін таныстыру.