АҚШ Еуропаға Ресейге қарсы ядролық қаруларды пайдаланудың жолын үйретуде
(last modified Fri, 02 Mar 2018 15:50:31 GMT )
Нау 02, 2018 21:50 Asia/Almaty
  • АҚШ Еуропаға Ресейге қарсы ядролық қаруларды пайдаланудың жолын үйретуде

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Женевада өткен қарусыздандыру жөніндегі конференцияда: "АҚШ еуропалықтарды Ресейге қарсы ядролық қаруды пайдалануға дайындап жатыр. Осыған байланысты америкалық әскерилер Еуропа елдерінің әскерлеріне тактикалық ядролық қаруларды Ресейге қарсы қолдануды үйретіп жатыр",- деп мәлімдеді.

Мәскеудің АҚШ-тың тактикалық ядролық қаруларын Еуропаға орналастыруды жалғастыруына наразылық білдіріп жатқанына біраз уақыт болды. Ресейліктердің көзқарасы бойынша, осы қару түрлерін Еуропада орналастыруы мен НАТО ұйымының еуропалық мүшелері мен АҚШ-тың ядролық саладағы шиеленіс тудырушы әрекеттері Еуропадағы ядролық қаруларды таратпау үдерісіне кедергі келтіруде. Бұған қарамастан, Ресейдің дипломатиялық орган басшысы алғаш рет ашық түрде Еуропадағы ядролық қару-жарақты пайдалану тәсілін үйретудегі мақсатын осы ажалды қаруларды Ресейге қарсы қолдану деп мәлімдеді. Лавров қауіпті жағдайды өзгерту үшін еуропалықтарға АҚШ-тың осы құрлықта ядролық қаруларын орналастыруына қарсылық білдіруді ұсынды. Оның пайымдауынша, қоғамдық пікір мен қарсы партиялардың қысымы бұл қаруларды Еуропада құртуға себеп бола алады. Ресей мен АҚШ-тың Шығыс Еуропада артып бара жатқан қарсыласуы салдарынан еуропалықтар өздерін қырғи қабақ соғысынан кейінгі кезеңдегі ядролық қатты қақтығысқа душар болды деп санайды. Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриель: "Қырғи қабақ соғысы кезеңі секілді біз, еуропалықтар, белгілі ядролық қару-жарақ бойынша бәсекелестіктің қатеріне ұшырап отырмыз. Дәл сол себепті, юіз Еуропада қару-жарақтарды бақылау мен қарусыздандыру мақсатында жаңа жобаларды бастауымыз қажет",- деді. Қазірде АҚШ-тың Германия, Түркия, Бельгия, Италия мен Нидерландыда орналасқан әуе базаларында B-61 атомдық бомбалары сақтаулы. Бұл мәселе Еуропада шынайы қарсылықтарға тап болды. Бұрын қырғи қабақ соғысының аяқталуымен АҚШ Еуропа құрлығынан өзінің ядролық қаруларын шығаруға шара қолданады деп болжанған еді. Бірақ, іс жүзінде, АҚШ өзінің Еуропадағы тактикалық ядролық қару-жарақ қоймаларын сақтап қалуымен қатар, оларды жетілдіруге бағытталған қымбат жобаларды іске асыру қажеттігін қуаттап отыр. НАТО басшылары 2012 жылы мамырда Чикагода өткен НАТО ұйымы басшыларының отырысында АҚШ-тың Еуропадағы ядролық бомбаларын жетілдіріп, алмастыру туралы америкалықтардың жобасымен келіскен болатын. Себебі, НАТО ұйымына мүше елдер аталмыш отырыс кезінде: "Ядролық қарулар НАТО-ның тежегіш саясатының маңызды бөлігі саналады. Сондықтан,  осы қарулардың барлығы өз тиімділігін сақтап қалуы тиіс",- деп баса айтты. Ресейдің әскери сарапшысы Игорь Короченконың пікірі бойынша, Вашингтон да, Брюссель де Еуропадағы шектеулі ядролық соғыстың жобасын қарастырып қойған. НАТО-ның ядролық қаруларды бірлесе иемдену жөніндегі бағдарламасы осындай қаруларға ие емес елдерге ядролық қаруларға ие мемлекеттердің қаруларын сақтауға рұқсат береді. АҚШ Еуропада Ресей мен НАТО арасында ірі қақтығыс туындаған жағдайда еуропалықтардың қауіпсіздігін сақтау сылтауымен және шын мәнінде Ресейді бақылап, оған қоқан-лоққы жасау мақсатында, тіпті оған қарсы ядролық шабуылдар жасау үшін B-61 ядролық бомбаларын жетілдіріп, олардың қоймаларын сақтау қажеттігін талап етуде.