Трамп Еуропадан импортталатын көліктерге салық салумен қоқан-лоққы жасады
(last modified Sun, 04 Mar 2018 14:56:52 GMT )
Нау 04, 2018 20:56 Asia/Almaty
  • Трамп Еуропадан импортталатын көліктерге салық салумен қоқан-лоққы жасады

АҚШ Президенті Дональд Трамп сенбі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Егер Еуроодақ менің болат пен алюминийді импорттауға тариф қою туралы шешіміме қарсы қарымта шара қолданатын болса, Еуропада жасалған көліктерге салық саламын",-деп жазды.

Трамп жуырда АҚШ-қа болат пен алюминий импорттауға тариф қоюды көздеп отырғанын мәлімдеген болатын. АҚШ үкіметінің жобасы бойынша, болат импортына 25 пайыз, алюминий импортына 10 пайыз тариф қойылады.

Еуроодақ егер Трамп өз шешімін орындаса, АҚШ-тан импортталатын тауарларға да осындай тарифтер салынатынын мәлімдеді.

Трамп АҚШ-тың бұрынғы үкіметтерінің басқа елдермен немесе халықаралық ұйымдармен жасаған сауда келісімдерін сан рет "ақымақтық" деп атаған болатын.

 

Тегтер