Путин айыпталған ресейлік азаматтарды АҚШ-қа беруге қарсылық білдірді
(last modified Mon, 05 Mar 2018 08:49:48 GMT )
Нау 05, 2018 14:49 Asia/Almaty
  • Путин айыпталған ресейлік азаматтарды АҚШ-қа беруге қарсылық білдірді

Ресей президенті: "Мәскеу АҚШ тарапынан 2016 жылғы президенттік сайлауына араласты деп айыпталып отырған өз азаматтарын Вашингтонға бермейді",- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин жексенбі күні америкалық басшыларға БАҚ-мен сұхбаттасудың орнына ресейлік тарапқа ресейлік азаматтарға қарсы тағылған айыптаулар жайлы мәлімет ұсынуға кеңес беріп: "Мәскеу осы мәліметтерді қарастырып, соған қатысты келіссөз жүргізуге дайын",- деді.

АҚШ-тың Әділет министрлігі жуырда Ресейдің 13 азаматы мен 3 ұйымына "АҚШ-тың саяси және сайлау үдерістеріне араласты" деген айып тақты.

Ресейдің АҚШ-тың 2016 жылғы сайлау үдерісіне араласу жөніндегі істі тергеуші Роберт Мюллер: "Кибер кеңістіктегі белсенді ресейлік топтардың бірі америкалық топтың атын жамылып, әлеуметтік желілердегі есеп-шоттарды өз қолына алып, бар назарын өте маңызды саяси-әлеуметтік мәселелерге шоғырландырған",- деген уәж айтты.

Мәскеу АҚШ-тағы президенттік сайлау үдерісіне кез келген формадағы араласуын бірнеше рет теріске шығарған болатын.