Трамп сауда соғысын жариялады
АҚШ алюминий мен болат импорты тарифтерін арттыруы салдарынан сауда соғысының басталу ықтималдығы туралы халықаралық ескертулерге қарамастан, АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні алюминий мен болат импорты тарифтерін арттыру жөніндегі жарлыққа қол қойды.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, жарлыққа сәйкес, АҚШ-қа импортталатын болатқа 25 пайыз, алюминийге 10 пайыз тариф бекітілді.
Трамп Еркін сауда жөніндегі Солтүстік америкалық келісім (НАФТА) бойынша АҚШ-тың серіктестері саналатын Канада мен Мексиканы аталмыш тарифтердің артуы шеңберінен шығарды.
АҚШ-тың көптеген басшылары мен сауда топтары Трамптың тарифтерді арттыру бағдарламасына сынға алды.
Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини АҚШ президентінің сауда саласындағы саясаттары мен оның өз елінің елшілігін Құдсқа көшіру туралы шешімін сынап: "Дональд Трамптың бүлдіргі саясаттары мен шешімдері АҚШ-тың саяси беделінен айрылуының факторы болып табылады",- деді.