Путин: Дамаскта химиялық қару жоқ
(last modified Sun, 11 Mar 2018 09:30:28 GMT )
Нау 11, 2018 15:30 Asia/Almaty
  • Путин: Дамаскта химиялық қару жоқ

РФ Президенті сенбі күні АҚШ-тың NBC телеарнасына берген сұхбатында Сирия үкіметі тарапынан химиялық қарудың қолданылғаны туралы ақпаратты жалған деп атап, химиялық қаруды бұл елде лаңкестердің қолданып жатқанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин лаңкестердің өздерінің химиялық шабуылдарын Сирия үкіметіне жапқысы келетінін мәлімдеп: "Лаңкестер мұндай әрекеттерді Сирия үкіметімен күресте өз мүшелерін біріктіру үшін  қолданады",-деді.

Путин Ресейдің осы салада толық зерттеудің  жүргізілуіне мүдделік танытты.

Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары лаңкестердің Шығыс Ғутеде химиялық қару қолдануды жоспарлап, соны Сирия үкіметіне жабуды көздеп отырғанын хабарлады.

Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фейсал Миқдад: "Сирия СІМ-не жеткен мәліметтер бойынша, "Тахрир-е әш-Шам" тобының лаңкестері Шығыс Ғутеде Мистраба (Mistraba) мен Бейтсава (Beitsawa) ауылдары арасында химиялық шабуыл жасап, сол үшін Дамаскты айыптамақ",-деді.

Фейсал Миқдад лаңкестердің алдын ала жоспарланған шабуылда бірнеше әйел мен баланы өз жоспарының құрбаны еткісі келіп отырғанын айтты.

 

Тегтер