Берлинде бір мешіт өртке оранды
Германияның астанасы Берлинде әсірешілдер бір мешітті қасақана өртке орандырды.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Германия полициясы жексенбі күні кешке үш әсірешіл жасөспірім Берлиннің Ринкендорф ауданындағы бір мешітті өртегенін мәлімдеген. Осы мәліметке сәйкес, ғимараттың ішкі бөлігіне толығымен нұқсан келген.
Берлиндегі "Кока Синан" мешітін Анкара үкіметіне қарасты діни ұйым саналатын Түркияның Дін істері жөніндегі исламдық одағы басқарады.
Берлин полициясы сондай-ақ: «Мешітті өртуге қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасуда. Бірақ бұл істің саяси мақсаттармен іске асқаны болжанып отыр",- деді.
Анкара мен Берлиннің қарым-қатынасы Германия үкіметі Түркияның саяси басшыларына Түркияның Конституциясына өзгеріс енгізу жөнінде референдум өткізу қарсаңында осы елдегі түрік азаматтарының алдында сөз сөйлеп, үгіт-насихат жүргізуге рұқсат бермеген уақыттан бері шиеленісе түсті.