Иран СІМ Әзірбайжан Республикасының президентімен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i35555-Иран_СІМ_Әзірбайжан_Республикасының_президентімен_кездесті
Иран Сыртқы істер министрі бейсенбі күні Бакуде Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, екіжақты қызықтыратын мәселелер жайлы пікір алмасты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 15, 2018 21:24 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Әзірбайжан Республикасының президентімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі бейсенбі күні Бакуде Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, екіжақты қызықтыратын мәселелер жайлы пікір алмасты.

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф Иран, Әзірбайжан Республикасы, Түркия мен Грузия СІМ-лерінің төртжақты отырысына қатысу үшін Бакуге сапармен келді. Зариф Бакуге жеткен кезде бұл сапарды Әзірбайжан Республикасының президентімен кездесіп, екі елдің өте жақсы әріптестіктері жайлы сұхбаттасу үшін қолайлы мүмкіндік деп атады.

Иран СІМ Әзірбайжан Республикасы президентімен және Әзірбайжан, Түркия мен Грузияның Сыртқы істер министрлерімен кездесіп, сұхбаттасқаннан кейін төртжақты отырысқа қатысты.

Зариф Бакуде өткен төртжақты отырыстың басында осы отырыстың аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі нығайтудағы және экономикалық дамуы мен лаңкестік пен әсірешілдік секілді қауіпсіздік саласындағы қатерлермен күресудегі маңызын қуаттады.