Үндістан Иранның Чабаһар айлағын дамытуды қуаттайды
Үндістан СІМ-нің ақпарат хатшысы Нью-Дели үкіметінің Ирандағы Чабаһар айлағын дамытуға бағытталған талпыныстарды жалғастыруды қолдайтынын мәлімдеді.
Равиш Кумар бейсенбі күні Нью-Делиде тілшілермен өткен апталық брифингте: "Үндістан үкіметі Ауғанстан мен Орта Азияның орнын баса алатын бағыт ретінде Иранның Чабаһар айлағын дамытуды қолдайды. Нью-Дели Иранның көмегімен Чабаһар айлағын тиімді түрде толық іске қосуға бағытталған амалдарды жалғастырады",-деп қуаттады.
Үндістан СІМ-нің ақпарат хатшысы, сондай-ақ, Чабаһар айлағын іске қосуда айтарлықтай ілгерілеушіліктердің болғанына тоқталып: "2017 жылдың қазан айында Чабаһар айлағы арқылы Ауғанстанға бидай жіберу ісі сәтті түрде жүзеге асырылды",-деді.
Чабаһар айлағы Ауғанстан, Үндістан мен Иран арасындағы маңызды үшжақты жоба болып табылады.
2016 жылы мамыр айында Теһранда ИИР Президенті Хасан Рухани, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди және Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғанидің қатысумен осы үш елдің Жол министрлері тарапынан Чабаһар айлағындағы үшжақты транзит туралы келісімге қол қойылды.