Бакуде төртжақты отырыстың ортақ мәлімдемесі жарияланды
(last modified Fri, 16 Mar 2018 12:32:14 GMT )
Нау 16, 2018 18:32 Asia/Almaty
  • Бакуде төртжақты отырыстың ортақ мәлімдемесі жарияланды

Иран, Түркия, Әзірбайжан республикасы мен Грузияның Сыртқы істер министрлері Бакуда ортақ мәлімдеме жасады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф, Әзірбайжан республикасы Сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлюд Чавушоғлы және Грузияның Премьер-министрі  әрі  Сыртқы істер министрі Михаил Джанелидзе қол қойған Бакудегі төртжақты отырыстың ортақ мәлімдемесінде қол қоюшылар аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында тарихи және мәдени ортақтастықтарға ие төрт елдің халықтары арасында ынтымақтастық пен байланыстарды кеңейтуге әзір екендіктерін жариялады. 

Тараптар, сондай-ақ, төрт ел арасындағы ынтымақтастықтың дамып жатқанына қуаныш білдіріп, өзара құрмет пен сенімге және тату көршілестікке негізделген қарым-қатынасты тереңдету саласында өз міндеттемелерін орындау қажеттігін қуаттады.

Иран, Түркия, Әзірбайжан республикасы мен Грузияның Сыртқы істер министрлері аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үшін төрт елдің ортақ мүдделерін сақтау қажеттігіне тоқталып, аймақтағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу үшін елдердің аумақтық тұтастығы, егемендігі, ресми түрде танылған шекараларының сақталуына құрметпен қарау қажеттігін баса айтты.