Башар әл-Джафари: Батыстың Қауіпсіздік кеңесіндегі Сирияға қарсы әрекеттері сәтсіздікке ұшырады
(last modified Tue, 20 Mar 2018 13:29:56 GMT )
Нау 20, 2018 19:29 Asia/Almaty
  • Башар әл-Джафари: Батыстың Қауіпсіздік кеңесіндегі Сирияға қарсы әрекеттері сәтсіздікке ұшырады

БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі батыстықтардың Қауіпсіздік кеңесіндегі адам құқығы мен химиялық қару мәселелерін Сирияға қарсы пайдалану талпыныстарының нәтижеге жетпегенін қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар әл-Джафари батыстықтардың Сирия істеріне араласу үшін кез келген мәселені пайдаланғандарына тоқталып: "Сирия Қауіпсіздік кеңесі мен Химиялық қаруды таратуға тыйым салатын ұйымға Батыс үкіметтерінің Сириядағы химиялық қарудың пайдаланылуы туралы уәждерінің өтірік болғанын дәлелдейтін құжаттарды тапсырды. Батыс Сириядағы саясаттарының сәтсіздікке ұшырағанын түсініп, Дамаскті  лаңкестерге қарсы химиялық қару пайдаланды деп айыптауда",- деді.

Дүйсенбі күні АҚШ басқарған Батыс майданының шақыруымен Сириядағы адам құқығы мәселесін талқылау мақсатында өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы Ресей мен Қытайдың шынайы қарсылығымен бұл мәселені қарастырмады.

 

 

Тегтер