Хошру: Наурыз – ирандық мәдениеттегі ең тұрақты әрі кең таралған дәстүр
(last modified Wed, 21 Mar 2018 12:09:44 GMT )
Нау 21, 2018 18:09 Asia/Almaty
  • Хошру: Наурыз – ирандық мәдениеттегі ең тұрақты әрі кең таралған дәстүр

БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Наурыздың ирандық мәдениеттегі ең тұрақты әрі кең таралған дәстүр екендігіне тоқталып: "Бұл мәдениет әрқашан бейбітшілік пен достықты білдірді",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ғоламали Хошру сейсенбі күні БҰҰ-ның Нью-Йоркттегі орталығында 12 елдің қатысуымен өткен халықаралық Наурыз күнінің рәсімдерінде: "Наурызда жанұялар мен достар бір-бірімен көрісіп, өткен жылмен қоштасып, жаңа жылда бақыт тілейді",- деді.

БҰҰ Иранның тұрақты өкілі сонымен бірге Иранның әйгілі ақыны Хафиз Ширазидің  өлеңін көктем мәдениетінің маңыздылығын көрсету үшін пайдаланып: "Хафиз Ширазидің өлеңдері Наурыз мейрамының рәсімдерінде ерекше орынға ие. Хафиздің өлеңдерін көп адамдардардың үйлерінен табуға болады. Халық оларды жатқа айтып, күнделікті өмірде пайдаланады. Өмірді зорлық-зомбылық және қайшылықпен жоймай, бір-біріне махаббат білдіріп, көмектесіп өткізген жөн",- деді.